Жымпитыда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты көркем оқу байқауында аудан тұрғындары ақынның қара сөздері мен публицистикалық өлеңдерін оқудан сынға түсті.
Нәтижесінде, 1-орынды Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Зита Иманғалиева, 2-орынды Алғабас ауылының тұрғыны Жанат Хайрошева, 3-орынды Тамдылық Қызғалдақ Ихсанова диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қатысушыларға ардагер ұстаз Гүлбақша Ерғалиева, Сырым аудандық мектеп-лицейінің директорының міндетін атқарушы Самал Батырова, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Тыныштық Ғаббасова қазылық етті.
Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы