Ақтөбе қаласында өткен Халықаралық «Таланттар әлемі» атты байқау-фестивалінде Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы ортағының тәрбиеленушісі, жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің оқушысы Төлес Төлегенов мәнерлеп оқу бөлімі бойынша І орынды жеңіп алды.
Төлес байқау сахнасында Махамбеттің бейнесінде шығып, «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі» өлеңін оқыды.
Төлес Төлегеновтың байқауға дайындаған ұстазы – «Жас ақындар» үйірмесінің жетекшісі Мейрбек Жампозов.