Орал қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтуде. Сырым ауданының мемлекеттік қызметші қыздар құрамасы баскетболдан жеңімпаз атанып 4-ші рет чемпиондық тəжді иеленіп отыр.
Алдымен Қазталов аруларын 34:0 есебімен ұтса, екінші кездесуде Агроөнеркәсіп командасын 24:1 есебімен шаң қаптырып, үшінші кездесуде Қаратөбе командасын 20:0 есебімен ұтты. Жартылай финалда Мемлекеттік кірістер департаментін 33:7 есебімен ойсырата жеңді. Ал финалдық бəсекеде Тасқала ауданының құрамасын 17:2 есебімен ұтып жеңімпаз атанды. 2015, 2017, 2018, 2019 жылдары жеңімпаз атанған қыздарымыз əзірге қарсылас шақ келтірмей отыр.