21.06.2018, 11:25
Қараулар: 560
Велошеру Ақжайыққа жол тартты

Велошеру Ақжайыққа жол тартты

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда Астана қаласының 20 жылдығының құрметіне көпшілік велошеру өтті. Шерудің басын Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев бастады. Самара – Шымкент күре жолының бойынан басталған велошеру Жымпитының С.Датұлы, Абай, С.Сейфуллин, Б.Қаратаев көшелері арқылы жалғасып, Қазақстан көшесіндегі орталық алаңда аяқталды.

Осы алаңда өткен шерудің салтанатты аяқталуы шарасында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев сөз сөйледі.

—        Сырымдықтар бүгін велошеру арқылы өздерінің бас қаланың мерейлі тойына деген тілектестігін білдірді. Астана қазіргі таңда қазақ Тәуелсіздігінің төл ажарына айналды десек артық айтпаған боламыз. Астананың дамуы әрбір қазақстандықтың өміріндегі жақсылықтармен үндес. Астана көркейе берсін, өміріміз жақсылықтарға толы болсын! – деді ол.

Айта кетейік, Астана қаласының 20 жылдығына арналған велошерулер осыған дейін Теректі, Шыңғырлау және Қаратөбе аудандарында өтті. Сырым ауданы велоэстафетаны  Ақжайық ауданына жолдады.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар