14.06.2018, 15:37
Қараулар: 290
Музеймен таныстық

Музеймен таныстық

Қазақстанның  дамуында, оның  рухани  нығаюында Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа  бағдар: Рухани  жаңғыру» атты  бағдарламалық  мақаласы, ондағы  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  іске  асыру  үлкен  маңызға  ие. Бағдарламаның «Қазақстанның  киелі  жерлері» бағытында «мәдени  географиялық  белдеу»  туралы, осы  белдеудің рөлі мен  оған  енетін орындар  туралы  жат  идеологиялардың  әсерінен  қорғаныс  ретінде, ұлттық  мақтаныш ретінде  әрбір  қазақстандық  білуі  үшін оқу-ағарту  дайындығын жүргізу  қажеттілігі туралы  айтылған. 

Осы  мақсатта, БҚО МКҚБ ММ  2-ПБ Сырым  ауданы 5-взводының жеке  құрамы аудандық Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану    музейінің Алаш музейі залына  экскурсияға барып, музей экскурсоводы Дина Галимова ондағы мәдени  мұралардың  тарихымен таныстырып, Алаш музейі  ертеде Тараканов көпестің  үйі болғаны, бүгінде Алаш  залдары  орналасқан мемлекеттік  қорғауға  алынған  ғимарат екені, әрі «Киелі Қазақстан  картасына»  енгізілгені жөнінде мағлұмат  беріп,  Алаш  қайраткерлерінің  жұмыс  орны, тұрмыста  қолданған  бұйымдары,  өзге де жәдігерлермен таныстырды.  Алаш  қайраткерлерінің өмірі,  отбасы, еңбектері  туралы  қысқаша  мәлімет алдық.

 

А.Ермұханов,

БҚО МКҚБ ММ 2-ПБ 5-взвод

Сырым ауданы бойынша командирінің көмекшісі,

полиция старшинасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар