14.06.2018, 15:35
Қараулар: 239
Түсіндіру жұмыстары жүйелі жүруде

Түсіндіру жұмыстары жүйелі жүруде

Сырым ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Кеше топ мүшелері Бұлдырты және Жосалы ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесулерде сөйлеген топтың мүшесі, Сырым аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерлан Журалиевтің айтуынша, жоспардағы жиналыс пен акцияларды өткізу жемқорлыққа тосқауыл бола алмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар халықтық қозғалысқа айналғанда ғана нәтижелі болады. Мобильді топ халықты осы жұмысқа мүдделі болуға үндеуге әрі бірлесе қимылдауға шақыруда.

Осы сияқты аудандағы ауылдық округтерде бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды заңдастыру мақсатында «Еңбек шартын жасаңыздар!» атты акция жүргізіліп жатыр. Бұлдырты және Жосалы ауылдық округтерінде болған акциялар барысында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Иманғалиев тұрғындардың мәртебесін анықтау мәселесі бойынша жұмыс беруші жеке қожалық, жеке кәсіпкерлік,  жауапкершілігі шектеулі серіктестердің иелерімен  және жұмысшылармен кездесті.

Бұл жұмыстармен қатар, округ орталықтарында жерлерді түгендеу және ауылшаруашылық техникаларын техникалық байқаудан өткізу жұмыстары да жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар