14.06.2018, 15:31
Қараулар: 328
Сот ғимаратына өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі Қағидаларына өзгеріс енгізілді

Сот ғимаратына өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі Қағидаларына өзгеріс енгізілді

Сырым аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы  Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен  ғимараттарында  өткізу және объектішілік режимді  қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар»  ережесіне  2018 жылдың  сәуір айында  өзгерістер енгізілуге байланысты семинар сабағы өткізілді.

Сырым аудандық сотының төрағасы Б.Баймұханова семинар сабағын өткізіп, оған кеңсе  меңгерушісі Ж-М.Вебер, аға сот приставы І.Садықов және БҚО Мамандандырылған күзет қызметі  басқармасының  қызметкерлері қатысты. Сот төрағасы семинардың ашықтығын жариялап, Сот аумағы мен  ғимаратына өткізу және обьектішілік режимді ұйымдастыру және жүзеге асыру сот приставтарымен өзара  іс-қимыл  жасай отырып, мамандырылған күзет қызметі  басқармаларына жүктелгендігін мәлімдеді.

Сот  ғимаратына  өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі жаңа Қағиданы талқылап, оған енген жаңа өзгерістердің бірі сот  ғимаратының  «көпшілік кіретін  бөлігі» деген түсінікке күту залдары, сот отырыстарының залдары, хат хабарларды қабылдау және беру үй-жайлары, фронт-офистері жататындығы айтылған.

Сондай-ақ  жаңа өзгеріске байланысты сот отырысына  келген  сот мәжілісіне   қатысушы тараптарына  жазатын құрылғылар және есептегіш техника, қоңырау /хабар­лама/ жауап беру функциялары бар телефондарды қоспағанда, мобильдік құрылғылар (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер және т.б.), ақпаратты машиналық тасымалдағыштар (флеш-карталар,USB-дискілер, және т.с.с.) техникалық құрылғылар, оның ішінде деректер беру, сондай-ақ халықаралық жаһандық желілерге  және интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар сымсыз құрылғыларды сот ғимаратының көпшілік  кіретін бөлігіне  кіргізуге рұқсат берілетіндігі  көрсетілген.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне соттың, Департамент пен оның аумақтық  органдарының аумағы мен ғимаратына «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының  3-тармақшасына сәйкес, өздерінің кәсіби қызметіне байланысты мобильді құрылғыларымен  (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смарфондар, планшеттер және т.б.), бейне–кино және фотоаппаратураларымен кіруіне жол беріледі және сотта төрағалық етуші судьяның рұқсатымен пайдалануы мүмкіндігі қаралған.

БАҚ өкілдерінің және сот мәжілісіне қатысушы тараптардың сот отырыстарында бейне–кино және фотоаппаратураны пайдалану мәселесін төрағалық етуші судья Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 345-бабына, Азаматтық процестік кодексінің 19 -бабына және  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 21 -бабына сәйкес шешеді.

 

І.СадыҚов,

Сырым аудандық сот кеңсесінің

аға сот приставы