14.06.2018, 15:28
Қараулар: 221
Жемқорлықпен күрес жалғаса береді

Жемқорлықпен күрес жалғаса береді

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына сәйкес 2018 жылда   Еліміз жүйелі демократиялық реформаларды одан әрі жалғастыруға кірісті.  Бюрократия мен сыбайлас жемқорлықты жою, Қазақстан азаматтарына мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, барынша жеңілдетудің тиімділігі,  мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің мемлекеттік саясатының басты міндеті   болып табылады.   

Елбасы  Жолдауында  Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс деп атап өткені – жемқорлықтың алдын-алуда бірден бір жолы екендігі  әбден анық.

Осы жерде сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жою, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы өте зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екендігі баршаңызға аян. Елбасы биылда  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді де және азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет деп атап нақты көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Осыған орай Елбасының қай жылғы Жолдауын алсаңыз да жемқорлықпен күресті өз назарынан тыс қалдырған емес. Оның нақты дәлелі Жолдауда осы мәселеге арналған тоғызыншы    міндет-            жемқорлықпен күресті жалғастыру, сонымен қатар қолданып жүрген зандардың үстемдігін қамту және орындаушылық  тәрпіпке    қатаң бақылау жасау.

Жемқорлық белең алған соң қоғам дамуына кедергі келтіретін қатерлер  көбейе түсетінше дау жоқ. Ендеше бұл мәселеге  ел болып кіріскенде ғана өз нәтижесін беретіндігіне көзіміз жетіп келеді.

Сондықтанда жемқорлықты тыю заңға бағынышты болу әр азаматтың мүлтіксіз орындалатын парызы, ел дамуына қосатын   тиісінше  үлесі болып саналады.

Н.Қайыржанова,

Сырым аудандық Әділет басқармасының

басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар