7.06.2018, 12:15
Қараулар: 355
Туған жерің – тұғырың

Туған жерің – тұғырың

Елбасымыз жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты.

Кімге болсын өзінің туған жері, балғын балалық шағының қызықты күндері өткен ауылы қымбат. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген шараларымыз жетерлік.

1 наурыз  «Алғыс айту» күніне орай  ауыл әкімі Ж. Сатаев арнайы шақырылған ардагер ұстаздар мен медицина саласының ардагерлерін мерекемен құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлықтарын табыс етті. Ауыл өнерпаздары мен мектеп оқушылары ән-бимен өнер көрсетті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына, Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша, «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген жерлесіміз Саида Халықова туралы билбордтар ауылдық округ әкімі аппаратының кеңсесіне орналастырылды.

4 мамыр күні  Аяқкөл және Жырақұдық ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен әкімшілік ғимаратының  мәжіліс залында «Ерлік ұрпаққа мұра» атты сұрапыл соғыс жылдарында еңбек еткен тыл ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Оқырмандардың орындауында өлеңдер оқылып, «Оларсыз бұл жеңіс болмас еді» атты видео ролик көрсетіліп, тыл ардагерлерімізге естелік сыйлықтар табыс етілді.

9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесіне орай Қособа ауылдық округінде мән-маңыздылығы жоғары ауыл жұртшылығымен мерекелік шара оздырылды. Орталық алаңдағы «Ерлікке  тағзым»  ескерткіш аланыңда  боздақтарға сұрапыл соғыстан аман-есен оралып, бейбіт еңбекке араласқан,  «Бәрі де майдан үшін»  деп еңбек еткен тыл ардагерлеріне, сондай-ақ, Ауған жерінде интернационалдық борыштарын атқарып келген жерлес, жауынгер ағаларымыздың есімдерін жас ұрпақ жадында қалдыру мақсатында өткен мерекелік бағдарламаның маңызы зор. Ескерткіш тақтаның ашылуында сөз алған жауынгер ағаларымыз өздерінің жүрек жарды ақ тілектерін ақтарды. Мәдени — мерекелік шарада «Қол күресі», «Асық ату» секілді ұлттық ойындардан жарыстар оздырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау көрсетіп жатқан 1978, 1996 жылғы мектеп түлектеріне ауыл тұрғындары атынан алғысымыз шексіз. Алдағы уақыттада мектеп түлектерінің қолдауымен атқарылатын шаралар көп. Қособалық азаматтардың Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдап, туған жеріне  деген игі істері атқарылды.

Ж.Сатаев,

Қособа ауылдық округінің әкімі

Дінтану мәселелері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар