7.06.2018, 12:12
Қараулар: 416
«Бар мейірім балаларға»

«Бар мейірім балаларға»

Сырым ауданының «Психологиялық-педагогикалық тузеу кабинеті» мен «Нұр шуағы қоғамдық бірлестігімен» бірлесіп, 1 маусым Халықаралық  балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік шара өткізді. Мерекелік шараға Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі Аида Кимқызымен, «Нұр шуағы қоғамдық бірлестігі» төрайымы Альмира Жалғасбайқызы құттықтау сөз сөйледі. Өнері өрге өрілген, биіктерден көрінген қазақ биімен «Әдемі-ай» би тобы мерекелік шарамызды ашты. Мекемеміздің өткізіліп отырған шарасы  Қасиетті рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қол үшін беріп, қайрымдылық жасаған демеушілеріміз, Жаннат Қуандыққызы, Әлия Өтегенқызы, Аида Баянбекқызы, Наурызғали Әлмұханбетұлы, Алмагүл Мубаракқызы, Айнұр Жардемқызы, Серік Әнуарұлы алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар ата-ана ретінде мекемемізге барлық балаларға демеушілік танытып игі іс атқарған Динара Орынғалиқызы мен Інжугүл Ғарифуллақызы алғыс хаттармен марапатталды. Түзеу дамыту сабақтарына балаларын үнемі шалғай ауылдардан қалдырмай қатыстырып, бір адамдай жұмыла жұмыстанған ата-аналарымызға алғыс хаттар табыстай отырып, 1 сыныпқа баратын балаларға демеушіміз Наурызғали Әлмұханбетұлы балаларға  оқу құралдары салынған сөмке табыстап, мерекелерімен құттықтады. Биыл аймақтық ПМПК қорытындысымен көптеген балаларымыз жақсарылып шығарылып жатыр. Сол балаларымызға демеушіміз Әлия Өтегенқызы сыйлықтарын табыстап, құттықтады. Мекеме балалары өз аналарымен түрлі түсті лентамен би биледі, Әбілмансұр Қанатов «Детство» әнін орындады. Сырым ауданының Жымпиты халық театры  «Сенімді дос» ертегісін құрды. Шараның соңында ата-аналар атынан құттықтау айтылып мекеме балаларымен ата-аналар флешмоб биін биледі. Тамаша мейрамхана иесі демеушіміз Аида Баянбекқызы балаларға арнап тәтті үстел әзірледі. Тәтті үстел басында  сайқымазақтар балаларға түрлі ойындар ойнатып, мерекелік шара өз деңгейінде өтті.

М.Кажғалиева,

Музыкалық ырғақ педагогі

А.Айдарханова,

Психолог

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар