7.06.2018, 12:09
Қараулар: 554
Ел жүрегі – Астана!

Ел жүрегі – Астана!

Салтанатты жиын  мектеп бітіргелі отырған оқушыларды 11жыл білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына,мектептеріне деген барлық алғыстарын білдіру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, әсемдікке, адамгершілікке, қайрымдылыққа,  ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу және ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізіледі. Әр түлек өмірінде есінде мәңгі өшпейтін, өзіндік есею жолына бастау алатын мектептегі соңғы шара.

2017-2018 оқу жылының аяқталуына  байланысты  «Ел жүрегі — Астана!» атты соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын  ата-аналар мен түлектердің көңіліне қуаныш пен шаттық сезім ұялатты.   «Шын жүректен» атты мұғалімдер мен оқушылардың тілегі, «Жас түлек- 2018»  макеті,  «Сәт сапар, сіздерге Жас түлек!» лозунгісі ілініп, шарлармен, гүлдермен әсем безендірілді.

Бұл жиынға  Талдыбұлақ ауылының әкімі Жанболат Мұхамбетжанов және  ардагер ұстаздарымыз, аудандық  жұмыспен қамту орталығының бөлім меңгерушісі Сәбит Өмірзақов, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев    және мектеп бітіргендеріне 10 жыл, 15 жыл, 20 жыл, 35 жыл болған түлектеріміз қатысты.

Салтанатты жиын  ҚР-ның әнұранымен басталып, алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры А.Қуанышева алып, 2017-2018 оқу жылын қорытындылап, оқушыларға мақтау грамотасын, ұстаздарымызға  Алғыс хат табыстады.     Келесі сөз кезегін  келген қонақтарымызға бердік.Биылғы  жиынымыз  Астана қаласының 20 жылдығына арналып, 1 сынып оқушылары да түлектерге ақ жол тілеп, сыйлықтарын табыс етті. Мектеп түлектері құттықтау сөз сөйлеп ән айтып, ұстаздарына Алғыс хат табыстап, соңында   мектеп вальсін билеп, шарға  тілектерін жазып ұшырды.   ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауында  «Туған жерге тағзым» атты республикалық акциясын жариялаған болатын.Туған жеріне қолдау көрсетіп, акциядан тыс қалмай, алтын ұя мектебіне қамқорлық  жасаған, бір кездегі мектеп түлегі, бүгінгі ел азаматтары, бүгінгі бақытты сәтіміздің  басты кейіпкерлері  мектеп бітіргендеріне  10 жыл, 15 жыл, 20 жыл, 35 жыл  болған түлектеріміз өздерінің лебіздерін білдіріп, мектебімізге  дене шынықтыру сабағына  пайдаланылатын спорттық  құралдарды  табыстады.

Түлектерімізге сәт сапар, ақ жол тілеп  жиынымызды аяқтадық.

Соңында мектеп түлектеріне және мектеп бітіргендеріне 10 жыл, 15 жыл,  20 жыл, 35 жыл болған түлектерге арнап   «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымының, мектеп ұстаздарының  әзірлеген   «Рақмет, саған  мектебім!» атты концерттік бағдарламасын  ұсынып, балабақша ұжымы «Шалқан» ертегісін қойып, тренинг, ойындар ойнатылды. Балалық шаққа саяхат жасап, бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Соңы мерекелік дастарханға ұласып, ұстаздарына тілек айтып, ән айтып аяқтады.

Н.Салимова,

Талдыбұлақ орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар