17.05.2018, 11:54
Қараулар: 482
Әлеуметтік бастамаларға қатысты жиын

Әлеуметтік бастамаларға қатысты жиын

2018 жылдың 3 мамыр күні Қособа елді мекенінің тұрғындары арасында «Президенттің бес әлеуметтік бастамы» атты үндеуін түсіндіру бойынша жиын өтті.

Кездесу Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін түсіндіру аясында өтті. Жиналысқа «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев, аудандық филиалдың консультанты Б.Мирманова, Қособа ауылдық округінің әкімі, «Қособа» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ж.Сатаев, Қособа сайлау округінің депутаты Ж.Шапешов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Шарифуллин қатысты.

Төрағаның бірінші орынбасары бес бастамаға жеке-жеке тоқталды.

Ол өз сөзінде:«Бастамалар тұрғын үй, білім беру, шағын несие және газбен қамтамасыз етуге әсер етті. Мемлекет басшысы әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес бастаманы атап өтті. «Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». Президенттің айтуынша, әрбір жұмыс істейтін қазақ ипотекалық несие алу мүмкіндігіне ие болуы керек.

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту». Салық ауыртпалығын төмендетіп, жалақыны салыстырмалы төмен алған қазақстандықтарды қолдау үшін 10 есе азайту ұсынылады. Бұл жеке табыс салығы бойынша орташа айлық жалақының 25 есе аз мөлшерде жалақы алатын адамдарға төленеді.

Үшінші бастама: «Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша жаңа оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу туралы қосымша шаралар ұсынылады.

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту». Елбасы шағын несиені өткен жылмен салыстырғанда 20 млрд. теңгеге ұлғайтуды тапсырды.

Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз ету». Елімізде газ өндіру Тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артты, бұл көрсеткіш жыл сайын өседі» деп жеткізді.

Фракция жетекшісі ағымдағы жылдың тамыз айында «7-20-25» ипотекалық несие беру бағдарламасы іске асырыла бастайтынын атап өтті.

– Мемлекет басшысы бұл маңызды бастамалардың жүзеге асырылуын бақылауды «Нұр Отан» партиясына жүктеді. Осыған орай Елбасы тапсырмасы партия жұмысының алдағы уақыттағы негізгі міндеті болады, – деді Төрағаның бірінші орынбасары.

Жиында Қособа ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Шарифуллин, Қособа ОМБК қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Досқалиева, жас маман А.Жулдузбаева бес бастама жөніңде өз пікірлерін айтып, Елбасының бастамаларын, саясатын қолдайтындарын айтты.

 

Б.Мирманова,

Қособа ауылы