17.05.2018, 11:50
Қараулар: 462
«Ұрпақтар сабақтастығы»

«Ұрпақтар сабақтастығы»

25 сәуір күні “Сырым” бастауыш партия ұйымында “Нұр Отан” партиясының “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында “Ұрпақтар сабақтастығы” атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ұзақ жылдан бері ауруханада акушерка қызметін атқарған, зейнеткер, партия ардагері Дузкеева Мария Баяшовна, “Сырым” бастауыш партия ұйымының төрайымы К.Айташова, “Нұр Отан” партиясы Сырым аудандық филиалының консультанты Б.Мирманова, белсенді партия мүшелері, аудандық аурухананың қызметкерлері, мемлекеттік тәжірибеден өтіп жүрген жастар қатысты. Бұрын қиын жылдарда аудандық аурухана қандай болғанын, дәрігерлер, медбикелер, кіші буын қызметкерлері қалай жұмыс жасағаны жөнінде баяндап берді.

Б.Мирманова