11.05.2018, 11:19
Қараулар: 330
Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Отан қорғаушылар күні аталып өтті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ауданда  «Ерлік – ұрпаққа мұра» атты салтанатты шара өтті. Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш алдында мекеме қызметкерлері жиылып, аудан әкімі Т.Төреғалиев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі  бөлім басшысы А.Дюсембиев, аудандық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы М.Айдарханов құттықтау сөз сөйледі. Мекемелер ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Одан кейін шараға қатысушылар аудандық мәдениет үйінде «Отар» 40 әскери базасында  өткен мерекелік салтанатты парадты тамашалады.

Аудан әкімі биыл жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл, Сырым аудандық  әскери комиссариатының құрылғанына 80 жыл толуына орай «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының «Жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл» мерейтойлық медальмен бірқатар азаматтарды марапаттады. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

Шынар Молданиязова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар