4.05.2018, 15:19
Қараулар: 389
Жеңіс – қасиетті мереке

Жеңіс – қасиетті мереке

9 мамыр  Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер – солдаттардың айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Біздің аталарымыздың ерліктері мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері  Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.

Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді.

Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлікке тәрбиелеу болып табылады.

 

Н.Ескабулов,

Сырым аудандық сотының  бас маманы-сот отырысының хатшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар