Жақында аудандық мәслихаттың кезекті ХХҮ сессиясы болып, сессияға аудан әкімі Т.Төреғалиев, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауыл әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қатысты. Сессия барысында Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы — аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев хабарламалар жасады.
Сондай-ақ сессияда аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сәрсенов, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева күн тәртібіндегі мәселелерге орай хабарламалар жасады. Сессия жұмысын аудан әкімі Т.Төреғалиев қорытындылап сөз сөйледі.
М.Бек