12.04.2018, 16:00
Қараулар: 307
Рухани жаңғыру – баршамызға ортақ іс

Рухани жаңғыру – баршамызға ортақ іс

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын басшылыққа ала отырып, ауылдық округ көлемінде түрлі іс-шаралар жоспарға сай  атқарылуда.

Осы бағдарламаның «Туған жер» жобасы аясында жастарымызды, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, туған жерін, елін сүюге баулу мақсатында ауылдық мәдениет үйінде «Болдым ғашық, туған далам мен саған» атты сазды кеш ұйымдастырылды. Онда ауылымыздан түлеп ұшқан елжанды азаматтарымыздың өнегелі істері баяндалып, жастарға үлгі ретінде таныстырылды. Сондай-ақ ауылымызда  ауған жауынгерлеріне арналып «Тағдырын білем, ауған даласының» атты ауыл тұрғыны ауған соғысының ардагері Қ.Төлегеновке арналып тағылымы мол кездесу кеші ұйымдастырылды.

Қоғамдағы жанұяның ролін арттыру, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрімізді әдет-ғұрыптарымызды жас келіндердің бойына сіңдіру мақсатында «Пай-пай қазақтың келіндері-ай» сайысы оздырылды.

Жақын күндері ауылымызда жерлестер форумын өткізу жоспарланып, ауылымызда осындай игі шаралар өз жалғасын таба беретін болады.

С.Ғабдуллин,

Жетікөл ауылдық округінің  әкімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар