12.04.2018, 15:58
Қараулар: 229
Жолдау басты назарда

Жолдау басты назарда

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  халыққа арнаған  Жолдауы  мемлекетіміздің барлық экономикалық саласын және әлеуметтік кеңістігін төртінші  өнеркәсіптік революция жағдайында дамытуға бағытталған. Елбасымыздың  мақсаты  айқын дамудың  жоғарғы сатысына жету үшін осы Жолдауда 10 негізгі міндеттерді қамтиды.

Қазақ елі индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін цифрлы технологияны жетік меңгеру – басты міндет. Мәселен, электронды қызмет көрсетуді жетілдірудегі негізгі мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету. Ел онлайн қызметті пайдалану арқылы уақыт үнемдейді. Біз әлі де болса, халыққа цифрлы қызмет көрсетудің тетіктерін жетік түсіндіруіміз қажет. Көпшілікке жаңа жүйелердің жетістіктерін күн сайын жедел насихаттап отыру өте маңызды. Ақпарат жеткілікті болса, әркім өзіне қажет ақпаратты дер кезінде ала алады. Компьютер, смартфонның мүмкіндіктерін толық, тиімді пайдаланудың жолын ұсынған жөн. Қазірдің өзінде интернеттің көмегімен теміржол, әуе билеттерін сатып алу, коммуналды төлемдерді, қаржы аударымдарын электронды түрде төлем жасау кеңінен қолданыста.  Қажетті анықтамаларды Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ үйде, жұмыста отырып алуға және тиісті мекемеге онлайн тапсыруға мүмкіндіктер жасалуда. Мұның барлығы халықтың күнделікті тіршілігіне өте қажет. Округте өткізілген есепті кездесуде аудан әкімі Т.Төреғалиев  арнайы тапсырма берген болатын. Осыған орай Жосалы ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында тұрғындардың  электронды  қызмет алу бұрышы  бойынша алдағы уақытта жұмыс атқарылатын болады.

Былтырғы қабылданған: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» үндеуі  болашақта ұлттың табысты, білімді бәсекеге қабілеттілігімен анықталды. «Туған жерге туыңды тік» деп қазақ бекер  айтпаған,  патриотизм кіндік қаның тамған жеріне, өскен ауылына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады. Былтырғы жылы форум  ауылда өткізіліп, мектептің орта мектеп болғанына 50 жыл толғаны атап өтіліп ұстаздарға арналған тақта орнатылды.

Бүгінгі таңда ауыл саябағының жобасы жасалды және саябаққа арналған киіз үй алынды. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарының, жеке кәсіпкерлердің және қожалық жетекшілері  балалар алаңы, көше спорт снарядтары (STREET WORK OUT), жазғы сахна   жасауға ниет білдіруде.

Президентіміздің тапсырмасын ауыл болып бір ауыздан қолдап, алдағы уақытта жұмыстана береміз.

Қ.Ғабдешов,

Жосалы  ауылдық округінің әкімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар