12.04.2018, 15:50
Қараулар: 211
Әкімшілік істерді жолдаудағы проблемалық жағдайлар

Әкімшілік істерді жолдаудағы проблемалық жағдайлар

Азаматтардың соттарға қол жетімдігімен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетуге бағытталған бірқатар жұмыстар жүзеге  асырылуды.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға уәкілетті барлық мемлекеттік органдар өздерінің істерін «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдайды. Аталған сервис істердің қозғалысын қарап, олар бойынша шығарылған сот актілерімен танысуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа,  соттар мен мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық өзара әрекет етуді оңтайландыру және автоматтандыру үрдісін жалғастыру мақсатында сот төрелігін электрондық қамтамасыз ету, қағаз түріндегі құжат айналымынан шығып, соттарда электрондық істер мен мұрағаттарды қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған сервис мемлекеттің бюджет қаражатын және тараптардың қаржысын үнемдейді, азаматтар мен соттардың сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылын жүйелей түседі.

Сот органдарының интернет-ресурстарында электронды сот құжаттарын көруге арналған «Сот құжаттарымен танысу» онлайн сервисі (бұдан әрі – Сервис) іске асырылып, жұмыс істеуде. Сервис арқылы белгілі-бір сот ісі бойынша сот құжаттарын көруге, сақтауға және жүктеп алуға болады.  Сот процесіне қатысушы ұялы телефон нөміріне немесе электронды мекен-жайына келіп түскен электронды ақпарат (SMS-хабарлама) бойынша логин мен құпия сөзге ие болады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлескен бұйрығына  сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құру кезінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция басқармасының уәкілетті лауазымды тұлғалары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға «Сотқа келу туралы талон» (бұдан әрі – Талон)  береді.

Әкімшілік полиция әкімшілік істер бойынша Талонды құқық бұзушыға және жәбірленушіге береді, талонның келесі бөлігі материалдарды одан әрі сотқа жолдау үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға тіркеледі.

Сотқа құқық бұзушының немесе жәбірленушінің толық аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), SMS-хабарлама жіберуге арналған ұялы телефонының нөмірі, электронды поштасы, нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы көрсетілген ақпараттық талоны  бар әкімшілік құқық бұзушылық туралы материал келіп түседі.

Талонды қолдану мемлекеттік органдардың процеске қатысушыларды сот отырысын өткізу туралы неғұрлым жедел хабарландыруға, оларды барлық қажетті құжаттармен таныстыруға,  ресми сайттан  істерді қарау тізімдерін көру, тараптардың сот қаулысы шығарылған күн көрсетілген SMS-хабарламаны алуға мүмкіндіктері бар және    сот кеңсесіне телефон арқылы алдын-ала хабарласып, сот құжаттарының түпнұсқаларын алу мүмкіндіктеріне ие бола алады.

Айталық, бүгінгі күні Сырым аудандық  сотына сот кабинеті арқылы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарайтын өкілетті мемлекеттік органдардан, атап айтқанда  Сырым аудандық ІІб-нен -57,  Сырым ауданы бойынша кірістер басқармасынан – 1, Батыс Қазақстан облысы ІІД Көші-қон қызметі басқармасынан — 8,  Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінен -3, Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасынан-2,  барлығы -71 іс  келіп түскен.  Осы істер бойынша уәкілетті органдармен  талон берілген.

Дегенмен «Сот кабинеті» арқылы түскен  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша проблемалық жағдайларда кездеседі.

Атап айтқанда,  әкімшілік іс құжаттарын жинақтаған кезде материалдар толық көлемде толтырылмайтыны, көбінесе кодекстің баптарының диспозициясы және саралау белгілері  дұрыс көрсетілмейтіні, жауапкершілікке тарту бойынша мәліметтер толық болмай, хаттамада болған құқық бұзушылыққа қатысты уақыты, орын алған жері, нақты қандай нормативтік актінің бұзылғандығын көрсетпеу және тағы басқа да   кемшіліктер жиі  кездеседі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының  Кодексінің (әрі қарай-ӘҚБтК) кейбір баптарында қамақ түрінде әкімшілік жаза қаралған  құқық бұзушылықтар жөніндегі істер сотқа түскен   күні қаралып шешім қабылдануы  қажет, бірақ  әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның сотқа келмеуіне байланысты істі қарауға  мүмкіндік болмайды. Бұл жағдай сот мәжілістерін бірнеше рет кейінге қалдырып, қарау мерзімін ұзартып, кей жағдайда  бұзылуына себеп болады.

Әрине, сотпен бұндай жағдайларда әкімшілік іс бойынша заңсыздықтарға  жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты  шара қолдану, заңсыздықты жою және болдырмау мақсатында  Кодекстің 829-19- бабы негізінде жеке қаулылар қабылданып орындауға  жолданады.

Сондықтан сот кабинеті арқылы әкімшілік іс құжаттарын сотқа  жолдаған кезде, уәкілетті органның лауазымды адамдарымен заңсыздықтарға жол беріп  кемшіліктерді  болдырмау үшін  ӘҚБтК-нің талаптарын қатаң сақтап, құжаттарды толық жинақтаған дұрыс.

 

 

Б.Баймуханова,

Сырым аудандық  сотының      төрағасы