12.04.2018, 15:46
Қараулар: 252
Бапкердің жетістігі

Бапкердің жетістігі

«Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» демекші жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, жас маман Курашев Төлеген Сансызбайұлы жөнінде сыр шертпекпіз.

Төлегеннің қай шәкірті де «қол күрестің» техникасын үйреніп, жілігін шағып, майын ішті.  Оған дәлел, алғашқы қатысқан жарысы «ҚР-ның тұңғыш президенті» күніне орай ұйымдастырылған  «ашық қала» біріншілігі жарысында үкілеп қосқан 8 шәкіртінің 6-ауы жүлдеге ілігіп, бапкер мерейін үстем етті. Осы орайда  Сальменов Мирас, Абунагимова Гүлназ жеңіс тұғырынан көрінсе, Тыныбекова Айназер, Жамбылов Сәтжан, Жұбандықов Әлішер ІІ орын, Амангелдиева Арудана ІІІ орынмен оралды.

Батыс Қазақстан облысының чемпионатында да  «сен тұр, мен атайын» деген тіс қаққан, қарсыластарға дес бермей, әсте сескенбей жеңісті қолдан бермегендер  Сальменов Мирас, Жексембаева Назерке І орын алып, «спорт шеберлігіне үміткер» (КМС) атағына қол жеткізсе, Абунагимова Гүлназ ІІ орыннан көрініп, Аленов Жақсылық, Тыныбекова Айназер ІІІ орынмен табысталды.

Қазіргі таңда «қол күрес» үйірмесінде 50-шақты ұл-мен қыз тер төгіп, бұл спорт түрінің қыр-сырын толық үйренуде. Бапкер Т.Сансызбайұлы жетекшілік ететін додалы бәсекеде, көк туымызды желбіретер жастарымыз қатары көбейе бермек.

Жасқанат Мұратұлы,

Бұлдырты ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар