5.04.2018, 13:14
Қараулар: 230
Жиналыстарға жинақылық керек

Жиналыстарға жинақылық керек

Аптаның басында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімдігінің отырысы өтті. Отырысқа Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев төрағалық етті.

Отырыстың күн тәртібінде ветеринариялық    іс-шаралардың жүзеге асуы және аудан көлемінде сарып ауруының таралуына қарсы іс-шаралар туралы мәселе қаралды. Осы сияқты ауылшаруашылығы саласында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы хабарлама тыңдалды.

2018 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы хабарлама жасаған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы А.Дүйсембиев бөлімнің жұмысына ауылдық округ әкімдері әріптестік таныта түссе деген ұсыныс айтты.

Осы сәуірде аудан әкімінің қаулысына сәйкес аудан көлемінде санитарлық- экологиялық айлық басталады. Мекеме қызметкерлерінен бөлек, ауыл тұрғындарынан айлыққа белсенді атсалысу сұралуда.

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев өзінің қорытынды сөзінде,  соңғы уақытта аудандағы жиналыстардың сапасыз өтетінін айтып сынады. Хабарламаларда сараптау, зерделеу жоқ. Сарыны өзара ұқсас жиналыстардың көбейгенін біз де байқап жүрміз. Ол ол ма, мекеме басшылары жұмыс күнін жұмыс кабинетінде емес, жиналыстардың залында өткізуге мәжбүр. Ал тұрғындар болса жұмыс орындарынан басшыларды таба алмай әлек. Жергілікті билік әкімнің жиналыстардың форматын сәл жинақтап, аудан әкімінің сынын ескереді деген ойдамыз.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар