29.03.2018, 14:26
Қараулар: 388
Шілдедегі өзгерістер

Шілдедегі өзгерістер

ҚР ЕжХӘҚМ «2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылы 3 наурызда №17 санды бұйрығына сәйкес 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері қайта есептелетін болады. Қазіргі кезде базалық зейнетақы алушыларымыз бірдей мөлшерде базалық зейнетақы алып келген болса, енді еңбек өтілімдерге байланысты мөлшеріде өзгеретін болады. Бұл дегеніңіз – зейнеткерлікке шығарда 40 жыл еңбек өтілі болғанымен жалақысы туралы мәліметі болмау себепті төмен зейнетақы алушылары үшін әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, болашақта зейнеткерлікке шығатын ұрпағымыздың еңбекке ынтасын күшейту, масылдықтан арылу және еңбек қатынастарын заңдастыру немесе жұмысшы жұмыс беруші арасындағы келісім шарт жасасуын, міндетті жарналардың ай сайын аударылуын талап ету арқылы болашақтағы зейнетақысын қамтамасыз етуді көздейді. Яғни, бұл тәсіл еңбегіне қарай зейнетақысының мөлшері анықталады, себебі әрі жалақысы, әрі еңбек өтілі осы міндетті зейнетақы жарнасы арқылы белгіленетін болады. Зейнеткердің зейнеткерлік істегі 1998 жылға дейінгі  еңбек өтілі және 1998 жылдан бастап зейнетақы қорына аударған зейнетақы жарнасы туралы мәліметі база деректерінен алына отырып, қосымша құжаттар қабылданбай, еңбек өтілімдері есепке алынатын болады. 1998 жылдардан бергі еңбек өтілі аударған зейнетақы жарнасына байланысты есептелетін болады. Айталық, еңбек кітапшаңызда 1 жыл еңбек еткеніңіз жазылғанымен, 1 жылға ай сайын аударатын міндетті зейнетақы жарнасын  ай сайын емес, 10 айға аударған болса, онда 10 ай болып есепке алынатын болады. Егерде  міндетті зейнетақы жарнасын қай айға аударылғаны туралы мәліметтер болмаса, онда міндетті зейнетақы жарнасын нақты аударылған ай есепке алынады, яғни 1 айда бірнеше рет аударған болса, онда еңбек өтіліде 1 ай болады. 10 жылдан  жоғары жұмыс істеген әр бір жыл үшін базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2%не көбейеді, биылғыға белгіленген  күнкөріс деңгейі 28284*2%=566 теңге, 10 жылдан астам әрбір жылға осылайша қосылатын болады, 33 жылдам астам еңбек өтілі болатын болса, онда базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ын құрайтын болады. 5 және одан да көп баланы 8 жасқа дейін тәрбиелеп, асырап өсірген  аналар зейнеткерлікке 53 жастан шығады, бірақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасымен байланысты зейнеткерлік жасқа толғанда тағайындалып, төленетін болады, бұл 1 шілде 2018 жылдан бастап 53 жастан бала санымен зейнеткерлікке шығатындарға қатысты болмақ.

10 қаңтар 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырманы орындау мақсатында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен 1 топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізілуде. 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 санды «Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңға қосымша өзгерістер енгізілуде. Мүгедектігі  белгіленген мерзім аралығына мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес жәрдемақы мүгедектің заңды өкіліне ай сайын төленетін болады. Әзірге жоба бойынша Мемлекеттік корпорация, «Электронды үкімет» веб-порталы және 1-ші рет мүгедектік тағайындалғандар әлеуметтік-медициналық сараптама бөлімі арқылы құжаттар қабылданбақ. Толық мемлекеттік қамтуда болған мүгедекке жәрдемақы түрі тағайындалмайтын болады. Бір отбасында 2 мүгедек болатын болса, олардың әрқайсысына бөлек тағайындалып төленетін болады. Жұмыс жасайтындар, кәмелеттік жасқа толмағандар немесе 65 жастан асқандар, сот шешімімен іс-әрекетке қабылетсіз деп танылғандар, психиатрдың немесе наркологияның ауруханасындағы есептегілер, сотталғандар мүгедекті күтушісінің заңды өкілі бола алмайтындығы көзделген. Сонымен қатар, мүгедекті күтушісінің заңды өкіліне де жәрдемақыны төлеуге немесе тоқтатуға тиісті жағдайларды Мемлекеттік корпорацияға 10 жұмыс күн ішінде хабарлауға міндеттілігі көзделген. Мүгедек қайтыс болғанда, толық мемлекеттің қамтуында екені анықталғанда, өкілі жәрдемақыны төлеуге заңға қайшы жалған ақпарат ұсынған кезде, өкілі ата-аналық құқықтан айырылған кезде, ҚР тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкенде, өкілі соттың шешімімен бас бостандығынан айыруға қылмыстық жаза тағайындалғанда жәрдемақы тоқтатылатыны көзделген. Осы Заңдарға, қосымша нұсқаулықтарға, бұйрықтарға, стандарттарға өзгерістер енгізілетін болады.

Ж.Бекбульсинова,

Сырым аудандық «ӘТВЕО»

бөлімшесінің  басшысы