29.03.2018, 14:25
Қараулар: 389
ИМАМ ҚАРТТАРҒА СӘЛЕМ БЕРДІ

ИМАМ ҚАРТТАРҒА СӘЛЕМ БЕРДІ

Сырым аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Беков аудан орталығындағы қариялардың шаңырағына барып, оларға сәлем берді.

Тыл ардагері Серік Ғабделовтың еңбекқорлығы  көбімізге үлгі болуға тиіс. Кешегі жүздесуде Серік ата мен зайыбы Зада анамыз «Жастар бақытты еңбектен іздесе екен!» деген тілектерін айтып жатты. Осы тілектерге ауданның баспасөзі саласында ұзақ жыл қызмет еткен Файруза Зәкірқызы, 40 жыл пошташы болған Ақжонас Қожахметова сияқты әжелеріміздің да елдің тыныштығы мен ұрпақтың амандығы жайлы ақ ниеттерін жалғауды жөн көрдік. Көңілді ел мен ұрпақтың тілеуін тілеп отырған осындай қарттардың бары қуантады. Ауданның бас имамы үлкен кісілерге мықты денсаулық пен қайырлы қарттық тіледі.

Сәлем беру – имандылықтың белгісі. Қарттарға сәлем беруді, оларға көңіл бөлуді тек санаулы мейрамдармен шектемей, басқа күндері де ұмытпасақ деген тілек бар.

Асхат ЖҰМА,

мешіт қызметкері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар