20.03.2018, 11:15
Қараулар: 381
Жаңаруға жарқын жол

Жаңаруға жарқын жол

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрге айналған халыққа Жолдауы әрбір ұжымда талқылануда. 

Жаңа Жолдау «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында болды. Бүгінгі әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.  Елбасы жыл сайынғы Жолдауы арқылы халыққа үндеу жасап, болашаққа белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-шаралар жоспарын бекітіп отыратындығы дәстүрге айналғаны баршамызға мәлім. Жолдаудағы 10 міндеттің ішіндегі жаңашылдығы-инфрақұрылымдық басқару жүйесіне талаптарды күшейту. Бұл – интеллектуалдық  әлеуетті жақсарту, сондай-ақ әр адамның мүддесін ойлау болып табылады. Жолдаудың тағы бір ерекше тұсы – білім саласының барлық сатылары бойынша нақты міндеттер айқындалған. Мысалы, Елбасы орта мектеп, колледж, ЖОО үздік оқытушыларының бейнесабақтары мен бейнелекцияларын Интернетке орналастыру керек екендігі айтылған. Болашақ ұрпақ тәрбиесінің жоғары деңгейде дамып, қалыптасуы – ұстаздарымыздың қолында.  Себебі, сөз бастаған шешен де, қол бастаған көсем де сол ұстаздың тәлім-тәрбиесін көреді. Елбасы  өзінің әр Жолдауында білім саласына ерекше  көңіл бөліп, алдағы мақсаттары анық қояды.

Қазіргі таңда орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.

Қорыта келсек, биылғы Жолдаудың жөні бөлек. Біз ұжым болып Жолдауды қолдаймыз, осы Жолдаудағы міндеттер негізінде жұмыстанамыз дегім келеді.

Мақсат Жұмағали,

Сырым аудандық балалар саз мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар