15.03.2018, 10:52
Қараулар: 265
Сырымдық 4 педагог төсбелгіге ие болды

Сырымдық 4 педагог төсбелгіге ие болды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өткен салтанатты жиында Сырым ауданы әкімінің міндетін атқарушы Асланбек Сарқұлов құттықтады.

Салтанатты шарада ауданның өсіп–өркендеуіне еңбегімен үлес қосқан азаматшалар Сырым ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ауданның 4 педагогы, нақтырақ айтқанда Гүлжиян Үрпекова, Айдана Нүфтиева, Жасылана Жайманова және Саягүл Жайманова ҚР педагогикалық ғылымдар академиясының шешімімен V республикалық байқаудың жеңімпаздары ретінде «Үздік ұстаз» төсбелгісіне ие болды. Айта кетейік, төсбелгіге ие болған мұғалімдердің төртеуі де Қ. Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектепте қызмет етеді.

Осы күні аудан тұрғындары мен қонақтары аудандық мәдениет үйінде өткен «Өлшеусіз мейірім мен махаббатың, Өзгеден бөлексің- ау, ана жүрек!» атты мерекелік концертті тамашалады.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар