15.03.2018, 10:49
Қараулар: 288
Көрісу айт шарасы шынайы өтті

Көрісу айт шарасы шынайы өтті

14-Наурыз күні Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Қазақстан Республикасындағы 100 киелі орынның бірі Жұмағазы Хазірет (Дәдем ата) басында Көрісу айт мерекесіне арналған тағылымды шара өткізілді.

Жиналған көпшілік әуелі әулие зиратына дұға  арнап  зират етті. Содан соң арнайы ғимаратта жиналған жамағат жайылған дастархан басында көне дәстүр көрісу айтты тойлады. Рухани жаңғыру үрдісіне үлес қосуда Жұмағазы Хазіреттің ұрпағы Ғарифолла Жамбозов, Жұмағазы Хазірет қорының жетекшісі Нұрлан Сәдір осы шараны көңілдегідей ұйымдастырды. Кейінгі ұрпаққа тағылым-тәрбие болар әңгімені Шолпан Қыдырниязова апамыздың аузынан ести алдық.

«Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Ж.Н.Сафуллин мен журналист Қазбек Құттымұратұлы бұл шараның маңыздылығына назар аударды. Күйші Едіге Нәбиев, атақты Сартай ақынның немересі тоқсанға аяқ басқан Күләш Қаратаева, Төлеген, Нұртас Сафуллиндердің орындаған ән-күйлері ұлттық өнерге деген тыңдарманның ынта-ықыласын оята алды. Көпшілік осындай келелі бастама жалғасын тапсын деген игі тілекпен тарасты.

 

М.Дат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар