15.03.2018, 10:44
Қараулар: 410
“Нұр Отан” партиясы мерекемен құттықтады

“Нұр Отан” партиясы мерекемен құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңыңда «Ел аналары» республикалық акция аясында «Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев  Жетікөл ауылдық округіндегі Қосарал ауылында тұратын 104 жастағы Қамида əжеге арнайы барып, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мəулен Əшімбаевтің жəне «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменнің құттықтау хатын салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ «Жетікөл» бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Жұмағалиев те əжемізді құттықтап, бастауыш партия ұйымы тарапынан сыйлықтарын табыс етті. Мерекеге орай партия тарапынан көрсетілген құрметтері үшін Қамида əже алғысын білдіріп, ақ жарма тілегін айтып, ақ батасын берді.

Сонымен қатар, аудандық филиалдың «Сырым» бастауыш партия ұйымының төрайымы Күләш Ғазезқызына партия төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтің құттықтау хаты табысталды. Айта кетсек, «Сырым» бастауыш партия ұйымында 165 партия мүшесі бар. Былтыр ауданнан іріктеуден өтіп, облысқа «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауына қатысқан болатын. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ», «Кедергісіз келешек» жобалары аясында шараларды ұйымдастырып, белсенділік танытты.

Балым Мирманова,

«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының консультанты