15.03.2018, 17:12
Қараулар: 396
 » 
Ауылымыз көркейіп келеді

Ауылымыз көркейіп келеді

2017 жылдың 12 сәуірінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялады. Мақалада тұтастай қазақ елінің ұлттық құндылығы, төл тарихы мен мәдени қазынасы қарастырылған. 

Осы мақалаға сәйкес «Туған жерге туыңды тік» деген  халқымыздың даналық сөзі негізінде Президент «Туған жер бағдарламасын» жариялады.

Бағдарлама аясында 2017 жылдың мамыр айында облысымыздың әр саласында қызмет етіп жүрген ауыл түлектері және округтегі шаруашылық басшылары бас қосып, көптен ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген мәселе – ауыл мешітіне мұнара орнату мәселесін ақылдасып, қаржылай көмек беріп, нәтижесінде ауылымыздың мешітіне 700 000 теңгеге мұнара тұрғызылды.  2017 жылы округімізге газ өткізуші мердігер мекеме мешітке газды тегін өткізіп берді.

Маусым айында ауылымыздың түлегі,  кәсіпкер азамат Сүлейменов Берік Кенжебекұлы орталық саябаққа өз қаражатына 1,5 млн теңгенің балалар алаңын орнатып берді. Жаз айларында балаларымен, немерелерімен бірге ауылымыздың ересек азаматтары да саябаққа келіп, демалыс орнына айналдыра бастады. Осы кәсіпкер ауылдың балабақшасына 55 000 теңгенің аквариумын сыйға тартты.  1992 жылы мектепті бітірген түлектер /1975 ж.т/ мектепке 60 000 теңгенің дыбыс күшейткіш аппаратурасын алып берсе, 2002 жылғы мектеп түлектері  55 000 теңгеге мектепке үстел теннисін алып берді. Бұлдырты орта мектебінің ауласына 1977 жылғы түлектер 11 шырша отырғызды.

2017 жылдың 30 маусымы күні «Туған жер бағдарламасы» аясында Бұлдырты ауылында «Жерлестер форумы» өткізіліп, оған облысымыздың әр саласында қызмет етіп жүрген Бұлдырты ауылының түлектері мен округтегі шаруашылық басшылары бас қосып, округімізде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары талқыланды.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында Көгеріс ауылында азаматтардың бастауымен ауылдық клуб ғимаратының құрылысы басталды.

«Туған жер бағдарламасы» аясында биылғы жылы басты жұмыстар орталық саябаққа субұрқақ орнату, балалар алаңын толықтыру, зиратты қоршау жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Ауылымызды көркейту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Жоғарыда айтылған жобалардың бірі Бұлдырты ауылының кіре берісіне қақпа орнату жұмысын /арка/  1998 жылы мектепті бітірген түлектер  биылғы  жылы орнатып беруді жоспарлап отыр.

Е. МаҚашев,

Бұлдырты ауылдық округінің әкімі