15.03.2018, 16:33
Қараулар: 432
Өрт сөндірушілер балаларда қонақта

Өрт сөндірушілер балаларда қонақта

Сырым аудандық білім беру бөлімінің МКҚК «Балдырған» балабақшасының «Балапан» тобының тәрбиеленушілері №12 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты  Канат Галиев,  өрт сөндіруші азаматтық қорғау кіші сержанты Ақпан Мұзайров,  азаматтық қорғау қатардағы қызметкер Нұрлан Жұбановпен     «Өрт сөндірушілер балаларда қонақта»    атты ашық сабаққа қатысты. Өрт сөндірушілер балаларға күнделікті жұмыс күндері туралы айтып беріп, қарамағындағы техниканы, өрт техникалық жабдықтарды қолдану, кәсіби костюмдерін көрсетті. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер сіріңкемен ойнамау, газге, электротұрмыстық құралдарды  үлкендерсіз қозғамауға, тимеуге, өрт қауіпсіздігі қағидалары жөнінде әңгімеледі.  Балаларға арналып өрт қауіпсіздігі тақырыбында сұрақтар мен слайдтар әзірленді.   Кездесу соңында өрт сөндірушілер мен балалар естелікке фотосуретке түсті.

 

Г. Хамидуллина,

Сырым аудандық білім беру бөлімінің  МКҚК «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар