7.03.2018, 12:23
Қараулар: 331
Облыс әкімі қабылдады

Облыс әкімі қабылдады

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай көпті көрген, көне көз қызыналы қарттар облыс әкімі Алтай Көлгіновпен  кездесті. Ассамблея үйіндегі бұл басқосуға аудандардағы ардагерлер кеңестерінің төрағалары, өзге ұлттың өкілдері қатысты.

Осынау мерекелік шараға Сырым ауданынан зейнеткер ұстаз, ардагер,ауыл әкімдігі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахмет Батыршин қатысып, Алғыс айту күніне орай облыс әкімі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Алтай Көлгіновтың қолынан Алғысқа ие болды.

Жерлесіміз А.Батыршинді осынау үлкен жетістігімен аудан жұртшылығы атынан құттықтаймыз.

М.Әлібекұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар