7.03.2018, 12:06
Қараулар: 340
Медиаторлар еркін пікір алмасты

Медиаторлар еркін пікір алмасты

Сырым аудандық сотының мәжіліс залында  «ҚР Медиация туралы заңының қолданылуы» тақырыбында  «дөңгелек үстел» өткізіліп,  оған  Сырым ауданының  ішкі саясат бөлімінің бас маманы П.Илашева, сонымен қатар 12 ауылдық округінің медиаторлары  қатысты.

Сот  төрағасы Б.Баймуханова,  28.01.2011 жылы қабылданған ҚР «Медиация туралы» заңының елімізде дауларды шешудің жаңа баламалы түрін бекітіп, републикада дауларды соттан тыс реттеу институты енгізілгендігін және медиация заңға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар бойынша қолданылатынын түсіндіріп өтті.Сонымен қатар медиацияның қолдану аясын кеңейту үшін насихат жұмыстарын қолға алу қажеттігі, азаматтардың көп жағдайда медиацияны түсінбейтіндігіне тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көбірек насихатталу керектігін атап айтты.

Дөңгелек үстел барысында Сырым ауданының  ішкі саясат бөлімінің бас маманы П.Илашева аудан бойынша 12 округ бойынша жалпы 22 кәсіби емес медиаторлар барын, аудан орталығында «Нұр Отан»партиясы ғимаратының №7 кабинетінде медиатор кабинеті орналасқандығын, сол кабинетте медиатормен бірге кез-келген азамат еркін пікір алмасып, даудамайдың алдын-алу жолдарын талқылай алатындығын атап өтті. Аудан бойынша медиаторлармен атқарылған жұмыстарға тоқтала келе, алдағы уақытта көбірек жұмыстану қажет екендігін айтты.

Ауылдық округтерден келген медиаторлар да еркін пікір алмасып өз ойларымен бөлісіп, көптеген сұрақтарға жауап, мол мағлұмат алды.

 

 

Н.Ескабулов,

Сырым аудандық сотының бас маманы –

сот отырысының хатшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар