1.03.2018, 17:35
Қараулар: 328
Соттағы «Дөңгелек үстел

Соттағы «Дөңгелек үстел

15 ақпан 2018 жылы БҚО Сырым аудандық сотының мәжіліс залында  «Бұйрықтық іс жүргізу өндірісі» тақырыбында  «дөңгелек үстел» өткізіліп,  оған, аудандық прокуратураның прокуроры Қ.Төремұратов және  Сырым аудандық  ІІБ-нің бастығы Б.Кужахметов, тергеу бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Өз  сөзінде  сот  төрағасы Б.Баймуханова,  21.12.2017 жылы ҚР Заңымен ҚР ҚПК енгізілген толықтыруларды, бұйрықтық өндірісті қолданудың шарттарын, сотқа бұйрықтық өндірісті қолдану туралы Қаулыларды жіберу тәртібін, бұйрықтық өндірістегі істер бойынша прокурордың іс-әрекетін, бұйрықтық өндіріс тәртібіндегі айыптау үкімінің құрылымы мен мазмұнын, сондай-ақ шағымдану мен бұйрықтық өндіріс тәртібіндегі қылмыстық істерді және айыптау үкімдерін тоқтату туралы қаулылардың заңды күшіне ену шарттарын жіберу тәртібін ашатын ҚПК «Бұйрықтық өндірісінің» 13-1 бөлімдеріндегі толықтыруларына тоқталды. Қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстарды бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қараудың бір міндеті, ол жәбiрленушiнің, сондай-ақ азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің (олар іс бойынша қатысқан жағдайда) келісімдерінің болуын атап өтті. Аталған істер бойынша сотқа дейінгі іс-жүргізу бес тәуліктен аспауы қажет. «Бұйрықтық іс-жүргізуді тәртібімен істерді қарау процессуалдық шығындарды үнемдеуге, жедел түрде тергеудің жүргізілуін, қылмыстық істерді қараудың және сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді» деп көрсетті аудандық соттың төрағасы.

Кеңес  барысында ҚПК-ге енгізілген жаңашылдықтардың қолданылуы түсіндірілді, оған сәйкес бұйрықтық іс жүргізу тәртібін қолдану туралы қаулы шығарылған қылмыстық істерді судьялар іс сотқа түскен күннен бастап үш күннің ішінде сот отырысын өткізбей-ақ қарастырады.

 

А.Сидарова,

Сырым аудандық сотының бас маманы –

сот отырысының хатшысы