1.03.2018, 17:33
Қараулар: 282
Салық кодексіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Салық кодексіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында  Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған семинар өтті. Жиынға Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев төрағалық етіп, Батыс Қазақстан облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің  түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Жанғабыл Сағынов, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  мемлекеттік қызмет көрсету  басқармасының басшысы Тимур Төлепов, Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Гумаров, ауылдық округ әкімдері, аудандық мекеме басшылары, есепші мамандар, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық жетекшілері қатысты.

Күн тәртібіне  салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, экономиканың қозғаушы күш шарттары туралы мәселе қойылды. Облыстан келген басшылар Салық кодексінің өзгерістерін түсіндіріп, көптеген жеңілдіктер болатынын айтты. Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Гумаров 2017 жылы атқарылған және 2018 жылы жоспарланған жұмыстар туралы баяндады. Сала басшылары жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА