1.03.2018, 17:15
Қараулар: 300
Жүректерге жылылық дарығын күн

Жүректерге жылылық дарығын күн

Сырым ауданының жастары «жетім  көрсең  жебей  жүр» деген ниетпен Орал қаласындағы «Балалар ауылына» барған болатынбыз. «Жақсылықтың ең жақсысы ешкім білмегені» деген сөз бар. Алайда қайғыға қарапайымдылығымен қарсы келе жатырған қарлығыштар қаламыма түрткі болмай қоймады. Біреуге сабақ, біреуге жауап.  10 үйден тұратын шағын қалашық, бір отбасы. Ағалы-інілі, апалы-сіңлілі жаңарында  оты бар аяқ астында шауып жүрген бір бүлдіршін, келешекте сол үйден ер жетіп табалдырық аттағанда үлкен өмірде шамшырағын жандыратын жан болса егер… Мінеки, біздің мақсат та осы еді. Жас шыбықтардың  жайқалып өсуі ел болашағының бір бөлігі осылар болғандықтан, ақылымызды айтып, тұлға болып қалыптасу жолындағы тиімді тәсілдермен бөлістік. Негізгі мектеп курсын аяқтағаннан кейін олардын кәсіптік мамандық таңдауда қателеспеуін, қоғамға қажет деген мамандық машақатын Сырымдық студенттер қолдарынан келгенше ұқтырды. Алғаш барғанда бізді жатсынып жақындауға үркектеп бейтарап көңіл танытқан болатын, сол үшін ең алдымен бір-бірімізге ізгі көңілден шыққан жылы сөздерімізді жүрек тен жүрекке жеткізіп, емен-жарқын таныстық.

Ең қызығы біз барған күні  мен батыр Диманы балалар үйінен көрдім.  Сәби періште.Пәк періштенің пешенесіне жазылған тағдырына пендешілікпен көнгені, батыр демей немене? Диманы бұл өмір ерте сынаған секілді, оң — солын танымайтын баланы мектеп партасында отырған сәтте қолынан жетектеп осы мекенге әкеліп орналастырғалы, жалғыз қамқоршысы ана дейтін бейнені  көрмегелі   жарты жыл өтіпті. Диманы тілге тиек етіп отырған себебім біз барған сәт, өмір есігін ашқан күні екен. Сөзге тартып едім, ұяң жігіт өзі тұратын үйдің  үлкені, артымда ерген 4 ұл мен 2 қыз бар деп сәл ғана күлімсіреп қана жауап берді. Биыл 4 сыныпқа аяқ басыпты, сөйлеу мәдениеті сыйластығы барлығы оқуда да, өмірде де үздік екенін жүзінен-ақ көрініп тұр. Сол сәтте   жоқтан бар жасайтын Сырымдық студенттер шеберлік сағатында Диманы бөлек бөлмеге апарып шашын әрлеп, аяқ астынан шырақ жағылған әдемі торт дайындап  тосын сыймен күтіп алып гитарамен ән айтып, би билеп барлық бүлдіршіннің жүзіңе күлкі үйіртіп, көңілін көтердік.

Көрер көзбен, естір құлаққа айтарымыз, не дегенмен бір қазақтың ұрпағымыз ғой. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қарттарын қадірлеген, қанымыз бір болмаса да, қазынамыз ортақ, жанымыз бір болмасада, жанашырымыз ортақ жандармыз. Соған үлес ретінде балалардың, білмейтінін білдіруге, саналарына ақыл ұялатуға тырыстық.  Осындай шараға ұйытқы болған жастар өкілдеріне алғысымыз шексіз.

 

Райымбек Қайратұлы,

Бұлдырты ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар