22.02.2018, 16:24
Қараулар: 550
Қадырдың мектебінде музей ашылды

Қадырдың мектебінде музей ашылды

VI облыстық Қадыр оқуларының қонақтары ақын атындағы мектептегі музейдің ашылуына куә болды. Шараға Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлары одағының мүшесі, Қадыр атындағы қоғамдық қордың директоры, әнші-сазгер Донеділ Қажымов, Батыс Қазақстан облыстық  «Мақсат»  медициналық колледжінің директоры, білім саласының «Құрметті азаматы», Қадыр қорының мүшесі Мақсот Берген, тіл жанашыры, кәсіпкер Құсайын Бақтияров, облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Темірғалиева,  облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта, техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Аягөз Хамзина, айтыскер-ақын, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының әдіскері Талғат Мықи, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының  әншісі, сазгер Жаскелең Ғайсағалиев қатысты.

Мектеп оқушылары Қадырдың өлеңдерін оқыды. Музейді ашып, лента қию рәсімін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов пен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлары одағының мүшесі, Қадыр атындағы қоғамдық қордың директоры, әнші-сазгер Д.Қажымов жасады.

Музей жәдігерлерін қонақтарға жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Мұқат Арыстанов таныстырды.

 

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар