22.02.2018, 16:23
Қараулар: 326
«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнес-процесті цифрландыру

«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнес-процесті цифрландыру

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында сегізінші міндет ретінде тиімді мемлекеттік басқаруды белгіледі, ол бизнесті әрі қарай қайта реттеуді, «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнес-процесті цифрландыруды және «бір өтініш» қағидаты бойынша кешенді түрде бизнеске жеке қызмет көрсетуді білдіреді.

Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап өтініш беру кезінде заңды тұлғаны тіркеу барысында «Электрондық үкімет» веб-порталында банк шотын ашу және қызметкерлерді сақтандыру шартын жасау тәртібі іске қосылды.

Осы түзету шағын және орта бизнес субъектілеріне заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу барысында «Электрондық үкімет» порталында электрондық форматта автоматты түрде банк шотын ашуға және қызметкерді сақтандыру туралы шарт жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке міндетті басқа да төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 569 бабына жұмыс күнінің 5-тен 1-ге дейінгі қысқартылған мерзімдерінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құнға салық бойынша есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін толықтырулар енгізілді.

Қазақстан халқына Жолдауының түйінді басымдықтарының бірі кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау болып табылады.

Осы мақсатта мемлекеттік органдардың алдына бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді барынша оңайлату туралы міндет қойылды.

Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру барлық мемлекеттік органдардың міндеті, олардың табысты ретке келтірілген іс-қимылдарына байланысты.

Н.Қайыржанова,

Сырым аудандық Әділет

басқармасының басшысы