22.02.2018, 16:21
Қараулар: 414
Әкімшілік жауапкершілікке тарту

Әкімшілік жауапкершілікке тарту

Сот билігінің беделі азаматтар мен ұйымдардың құқықтары қаншалықты сот актілерімен қорғалуына ғана емес  олардың толық және уақытылы орындалуына байланысты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 884 бабымен реттелгендей  әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу туралы нұсқама барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

ӘҚБтК-нің 669-бабының диспозициясында сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындалмаған кездерде субъектке қарай айыппұл немесе әкімшілік қамақ түріндегі  әкімішілік жауапкершіліктер қарастырылған.

Қолданыстағы ӘҚБтК-нде заң шығарушымен 669-бабы бойынша әкімшілік бұзушылық туралы хаттамаларды ішкі істер органдарымен қатар мемлекеттік сот орындаушылардың толтыру мүмкіндіктері ескерілген.

Мемлекеттік сот орындаушылар сот органдарына жатпайды, олар орындаушы билігіне кіреді. Яғни сот қызметкерлері ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік өндірісті қозғауға уәкілетті емес.

Бұнымен қатар, ӘҚБтК-нің 885-бабының талабына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) немесе нұсқаманы ресімдеген органға жүктеледi. Қаулыны орындауға жіберу тәртібі ӘҚБтК-мен реттеледі.

Осылайша, сот шешімін және атқарушылық құжатты орындамау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту тек қана мемлекеттік сот орындаушының хаттамасы негізінде жасалуы мүмкін.

Борышкердің сот актісін өз еркімен орындау мерзімінде  орындамауы оның іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар екенін  дәлелдейді, ал алты ай өткеннен кейін — қылмыстық теріс қылық құрамын құрайды.

Қазіргі таңда мемлекеттік сот орындаушылар алдын-ала тергеу органдарына қарағанда кең уәкілдікке ие емес. Сондай-ақ, мемлекеттік сот орындау органдарының өз штаттарында борышкерлерді алып келу және іздеу шараларына жәрдемдесетін жасауыл немесе соған ұқсас күшті бірліктер қарастырылмаған.

Т.Ниязов,

Сырым аудандық сотының судьясы