22.02.2018, 16:20
Қараулар: 486
Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс

Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауылары, тәуелсіз Қазақстанның дамуының басты бағыттарын белгілеп еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатыны баршаға мәлім.

Осы жылдың 10 қаңтарында Елбасымыз халыққа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялап, өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделудің және табысқа жетудің 10 міндетін атап өтіп, алдымызға зор міндеттер жүктеді.

Жолдаудың негізгі идеясы – еліміздің жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделуі мен жетістікке жету жолын табу.

Жолдаудың «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» атты бірінші бағытында Елбасы Мемлекеттегі кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды пайдаланып, ағымдағы жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керектігін айтты.

Қазақстан әлемдегі алғашқы 20 елдің қатарында өзінің цифрландыру бағдарламасын қабылдады. Ол 2021 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бағдарламадағы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2021 жылы еліміздің сауда нарығындағы электронды сауда үлесі, халықтың мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалануда e-gov арқылы алған қызмет көрсеткіштері артады деп күтілуде. Халықтың сандық сауаттылық деңгейі көтеріліп, интернет пайдаланушылар өседі деп жоспарланған.

Бұл ретте жер қатынастары саласында да цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін жүзеге асып жатырған істерді көруге болады.

«Цифрлы Қазақстан» бағдараламасын жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы тарапынан Ақмола облысының Көкшетау қаласында орналасқан «Госзакупщик» ЖШС-мен бірлесе отырып 12 (он екі) аудан және Орал қаласы бойынша электрондық карталармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Аталған карталарда елді мекендер жерінде  орналасқан бос жер учаскелері, азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуын арнайы кезекке қою, ықылассыз жер пайдаланушылар және тыйым салынған жер учаскелерін реестрлері туралы ақпараттар орналастыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта, арнайы сайт жасақталып қолданысқа енгізілді, интернет-ресурстары (zem.kz) сайтында орналастырылды және Сырым ауданы әкімдігінің zem.kz сайты интернет-ресурстары порталында да орналастырылып отыр.

Ендігі жерде, аталған электрондық картаға облысымыздағы елді мекендердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді электрондық конкурстар арқылы табыстау жөніндегі шараларды өткізу, сонымен қатар, жер учаскелерін аукциондар арқылы сатуды электрондық жүйеде өткізуді іске асыру көзделуде. Ол әрине қаржыны талап етеді.

Жоғарыда аталған шаралар іске асырылған жағдайда, жер учаскелерін беру жөніндегі электрондық жүйе (портал) орнатылып, мемлекеттік қызмет көрсету барысында жер беру конкурстық комиссиясының шешімі қабылданып – жемқорлық тәуекелі жойылады, сондай-ақ барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келістіру мәселелері жеделдейді және қажетті келісімдердің электрондық түрдегі жүйесін қолданылуы жүзеге асырылады деп пайымдауға негіз бар.

Сондықтан Елбасының биылғы Жолдауы – заманға сай тарихи өрлеу дәуіріне бастайтын, барша қазақстандықтарды ортақ мақсат жолында жұмылдыратын, әрбір азаматты нақты іс-әрекетпен өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындайтын өте маңызды құжат. Оны жүзеге асыру әрқайсымызға зор жауапкершілік жүктейді. Оны абыроймен атқару баршамыздың абыройлы міндетіміз.

Ө.Уашев,

Сырым аудандық   жер қатынастары  бөлімінің басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар