22.02.2018, 16:10
Қараулар: 318
Республикалық профилактикалық іс-шара

Республикалық профилактикалық іс-шара

2018 жылдың 19 ақпаннан бастап 2 наурызға дейін «Пробация»  республикалық профилактикалық  іс-шара өткізу туралы нұсқауының орындалуы барысында Сырым аудандық пробация қызметінде  жоспар  жасақталып  Республикалық  профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аудандық пробация қызметімен   аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, алдын ала құрылған жоспарға сәйкесті жұмыстар толық атқарылды.

Сырым аудандық Пробация қызметінде есепте тұрғандардың барлығында тұрғылықты жерлері бар. Тұрмысы нашар отбасы жоқ.

Сырым аудандық Пробация қызметінде  жалпы есепте тұрғандар  17 адам, оның 8-і бас бостандығын шектеу жаза мерзімін өтеуші, 3-уі белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылданбау құқығынан айыру жазасын өтеуші, алтауы шартты түрде жазасын өтеушілер. Есепте тұрған барлық сотталғандарға бақылау жасалып, оларға ықпал ете алатын немесе олар жайлы мәліметтер бере алатын туыстары мен көршілерінен түсініктеме анықтамалар алынуда. Қазіргі уақытта ешқандай заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Ж.Бисембиева,

Сырым аудандық  пробация қызметінің инспекторы

әділет аға лейтенанты