8.02.2018, 11:58
Қараулар: 365
«Ашық әкімдік» шарасы өтті

«Ашық әкімдік» шарасы өтті

Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Ашық әкімдік» шарасы өтті. Шараға қатысқан аудан әкімі Төлеген Төреғалиев және сала басшылары, сонымен бірге Сырым ауданының прокуроры Қанабіл Төремұратов, аудан бойынша әдеп жөніндегі уәкіл Ерлан Сәрсенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сырым ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы Берік Жанболсыновтың айтуынша, «Ашық әкімдік» шарасына қабылдауға келген азаматтар негізінен тұрғын – үй және жұмыссыздық сияқты мәселелерді шешуді сұрапты. Олардың арасында кәсіпкерлік пен ауылшаруашылықты қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы түсінік алушылар да бар.

Бүгін күні «Ашық әкімдік» секілді биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін шаралар көбейді. Мысалы, өткен жылдың желтоқсанында барлық ауылдық округтің орталықтарында Сырым ауданы әкімдігінің «Ашық есік» күндері өткен болатын.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар