8.02.2018, 11:56
Қараулар: 368
Жолдау насихатталды

Жолдау насихатталды

Сырым ауданына ақпараттық-түсіндіру тобы келіп, Елбасының “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауына қатысты түсінік берді. Ақпараттық-түсіндіру тобы құрамында БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Әлімжан Боранғалиев, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Гүлдана Аргенова, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының бас маманы Айболат Сүгірбаев болды. Ақпараттық түсіндіру тобына облыс бойынша 102 адам 12 ауданға бөлінген. Біздің ауданға келген топ ауданның Жетікөл, Бұлан, Алғабас,ауылдарында кездесу өткізді.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов төрағалық етіп, ауданда қолға алынған іргелі істермен таныстырды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

*        *       *

Қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауының  әрқайсысын жақсылықтың әліппесі сияқты бағалайды. Жолдаулар іске асқан сайын, елдің де еңсесі тіктеліп, беделі биіктеп келеді. Елбасы Қазақстанның бүкіл дамыған елдердің қатарына қосылып, оның мемлекетке айналуы үшін аса қажетті 10 негізгі міндетті нақтылап берді. Жолдаудың ерекше құнды жағы – мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді қолдайтынын мәлімдеу. Білім беру, мәдениет пен идеалогия ұлттың рухани әлеуетін нығайту үшін қызмет етуі тиіс.

А.Арыстанғалиева,

Шағырлыой ауылдық модельді кітапхана меңгерушісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар