8.02.2018, 11:55
Қараулар: 323
Көрме таныстырылды

Көрме таныстырылды

Сырым аудандық С. Датұлы атындағы тарихи – өлкетану музейінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында өңір мен аудан тарихына арналған «Туған жердің тарихы мен шежіресі» атты көрме өзінің жұмысын бастады. 

Көрме жұмысы бірнеше бөлімдерден құралған. Көрмені тамашалаушылар ең әуелі «Қазақстанның киелі жерлерінің» картасына енген Жайық қалашығы, Теректі ауданына қарасты Долинный кентіндегі «Алтын ханшайым» табылған Тақсай қорған кешені, Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің кеңсесі, әулие Жұмағазы Хазіреттің қорымы,  ақын Ғұмар Қараштың бейіті мен хан Жәңгірдің кесенесі туралы деректермен танысады. Сол сияқты облыс орталығындағы тарихи ғимараттар мен ХХ ғасырда Жымпитыда болған ескі ғимараттардың және Сырым ауданының Тәуелсіздік жылдарындағы түлеу кезеңдерінің суреттерін осы жерден көруге болады. Музей директоры Айнагүл Ойшыбаева, көрмедегі ерекше жәдігер деп Абдолла Жұмағалиевтің әжесі Талма ананың киімін атап отыр.

Көрменің ресми таныстырылымына қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мәдениет және қосымша білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Б.ШЕРІМ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар