8.02.2018, 11:53
Қараулар: 331
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

Бүгінгі таңда өсімдіктер  карантині саласы аясында 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ, олар: «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру», «Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» және «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері.

Карантинге жатқызылған өнімді ҚР-нан тыс жерлерге шығаруға фитосанитариялық сертификаттар, ал ҚР-ның аумағында облысаралық тасымалдау кезінде карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі. Карантинді немесе фитосанитарлық сертификаттар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өңірлердегі аумақтық инспекциялары карантинге жатқызылған өнімді тексеруден өткеннен кейін рәсімделеді.

Карантиндiк және фитосанитарлық сертификатты алу үшiн жеке және заңды тұлғалар ҚР АШМ АӨК МИК (уәкілетті орган) аумақтық бөлімшесіне өтiнiм бередi және карантиндiк жай-күйдi айқындау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторға карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.

«Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге байланысты фитосанитариялық сертификат  көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде рәсімделеді.

Карантиндік сертификат көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде рәсімделеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында  «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат беру» және «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығаруға фитосанитарлық сертификат беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау, тіркеу және дайын сертификаттарды қызмет алушыларға беру ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясы ғимаратының мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орында «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін төменде көрсетілген мекен-жайға хабарласуға болады: Сырым ауданы, Қазақстан көш, 15, байланыс телефондары: 31-2-48,   31-1-36.

Әр аптаның сәрсенбі күні сағ.10:00-12:00 аралығында ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы азаматтарды  жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізеді.

Айгерим КеҢесова,

ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық  аумақтық инспекциясының  өсімдіктер карантині  жөніндегі мемлекеттік инспекторы