8.02.2018, 11:52
Қараулар: 335
Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларациясын табыс ету

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларациясын табыс ету

Қазақстан Республикасының «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағына сәйкес мемлекеттік лауазымдағы адамдар өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде жыл сайын тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де кірістер мен мүлкі туралы декларация ұсынады.

230.00 нысандағы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны Қазақстан Республикасының (Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ) 363 бабының 1 тармағына сәйкес төмендегі тұлғалар ұсынады:

  1. Қазақстан Респбликасы парламентінің депутатары;
  2. Судьялар;
  3. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар.

Декларация тұрғылықты тіркелген жері бойынша салық органдарына тапсырылады.

Салық есептілігін тиісті салық органдарына қағаз жеткізгіште өзі келу тәртібімен, хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы және электронды түрде ұсынуларына болады.

Декларацияны электорнды түрде «Салық төлеуші кабинеті»WEB қосымшасы арқылы htt://cabinet.salk.kz мекенжайы бойынша немесе СОНО бағдарламасы арқылы ұсынуға болады.

230.00 нысандағы салық есептілігі және оны толтыру ережелері Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында, «ҚР заңдылықтары»-«Салық есептілігі нысандары»-2017ж.СЕН»-«Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық»-«230,00 нысан» сілтемесі бойынша орналасқан.

Декларацияны электронды түрде табыс ету үшін мемлекеттік қызметкерлерге тұрғылықты жері бойынша ХҚКО жүгіну арқылы жеке криптографиялық кілт алу қажет.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің жұбайлары (зайыптары) да тұрғылықты жері бойынша табыстары мен мүлкі туралы 230,00 нысандағы декларацияны тапсыру міндеті бекітілгенін еске саламыз.

Декларацияны тапсыру мерзімдері Қазақстан Республикасының (Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ) 364 бабына сәйкес егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады.

Г.АБДУЛЛИНА,

Сырым ауданы бойынша МКБ жетекші маманы