8.02.2018, 11:37
Қараулар: 439
Сапарың сәтті болсын, Абзалжан!

Сапарың сәтті болсын, Абзалжан!

Ақпан  айында Корея елінде өтетін әлемдік додада әкесінің кіндік қаны тамған Сырым ауданының Қоңыр ауылында   балалық шағын өткізген  Абзал Абайұлы Әжіғалиев команда капитаны болып, Қазақстанның  көк  байрағын  ұстап шыққалы тұр. 

Абзал ұлымызға үлкен сенім арттып, жауапкершілігі мен жүгі ауыр аманатты тапсырған басшыларға алғыс айтамыз. Бұл жетістік- өзінің ақылды, сабырлы, еңбекқор, қайсар, табандылығымен қоса ата анасынан, бауырлары мен тума туыстарынан алған тәлім-тәрбиенің жемісі деп білеміз. Спорттың  шорт – трек түрінен  жарысқа қатысып, күллі қазақ еліне танылған сәттен бастап  Абзал ұлымыздың қуанышын бөліскен барша қазақстандықтарға, Сырым, Жосалы елінің халқына, аудан, ауыл тұрғындарымен жүздесуді ұйымдастырып қабылдауына шақырған сол кездегі аудан әкімі Е.Нысанғалиевке, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы болған Ш.Дүйсенғалиеваға,  ауыл әкімі Қ.Ғабдешовке,  алғаш рет аудандық басылымға Абзалдың Азияда ойындарына қатысатыны туралы мақала жариялап жеңіс тілеген Ғауан Назерке Саянқызына,  алғаш рет ақындық жырын арнап жазған  қазіргі кездеде Абзалдың жетістіктерін, жаңалығын қалт жібермей  интернет желісі арқылы  жариялап жүрген  Ғабдықұл Арман Әмірғалиұлына  Әжіғалиевтер әулеті  атынан  алғыс  білдіреміз.

Абзал ұлымыздың алдында Бүкіл әлемдік деңгейде Қазақстандық спортшылардың команда капитаны болып, көк байрағымызды көкке желбіретіп ұстап шығу, өнер көрсету, әлемге танымал чемпиондармен сынға  түсіп  сыналар  шағы  күтіп тұр!  Басына бармақтай бақ дарып, осы сыннан сүрінбей өтіп, арман-мақсатының орындалып, көздеген мұратына жетуіне барша жанкүйерінің атынан тілекшіміз.  Еліне  тағы бір мәрте қуаныш сыйлап, жеңісті  күндерде алтыннан алқа  тағу  бұйырсын деп  тілек  айтамыз.

 

Әжіғалиевтер әулеті атынан: Г.Әжіғалиева,

Қоңыр ауылы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар