1.02.2018, 12:15
Қараулар: 208
Ақпараттық топ ауданымызда

Ақпараттық топ ауданымызда

Дәстүрлі Елбасы Жолдауын ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары басталды. Бүгін Сарой ауылдық округі халқына ақпараттық түсіндіру тобы Жолдау хақында кеңінен түсінік берді. Жиналысқа БҚО Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Г.Аргенова, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы, аудандық мәслихат депутаты Д.Тайшиев,, мектеп мұғалімдері, қоғамдық ұйым төрағалары, мәдениет қызметкерлері қатысты. Жиналыс барысында Гүлдана Мәлікқызы Елбасының биылғы жылғы Жолдауының аса маңызы зор екендігін және Елбасы нақтылап берген 10 міндетті орындау арқылы еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылатындығын тілге тиек етті. Биылғы Жолдауда  білім беру саласы, денсаулық сақтау салаларына да көңіл бөлінген. Атап айтсақ, қазіргі заманның індеті болып саналатын онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстарын жүргізу, білім саласында техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту көзделген. Жиын соңында тұрғындар тарапынан ұсыныс – пікірлер тыңдалып, БҚО Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Г.Аргенова жеке қабылдау өткізді.

 

Мархат Гумарова