18.01.2018, 12:08
Қараулар: 407
Тоқсанға келген қарияны құттықтады

Тоқсанға келген қарияны құттықтады

Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашев 1-қаңтарда тоқсанның төріне шыққан Уәлиахмет Қыдырғалиев ақсақалды құттықтап, шаңырағына бас сұқты. Аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, қарияның иығына шапан жапты. Ауыл әкімі Е.Мақашев  естелік сыйлық табыс етті.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар