4.01.2018, 14:47
Қараулар: 297
Судың жаңа тарифі талқыланды

Судың жаңа тарифі талқыланды

«Сырым» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2018 жылдан бастап ауыз суға төленетін төлемдердің жаңа тарифтік бағаларды талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің БҚО бойынша басқармасының бөлім басшысы Б.Хамидуллина, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің БҚО бойынша басқармасының бас маманы Э.Қарасаева, «Сырым» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Р.Тасқалиев, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері қатысты. Сырым ауданы әкімдігінің «Сырым» МКК аудан бойынша 11 ауылдың су жүйелерін сенімгерлік басқаруға алып, елді мекендерді сумен қамтып отыр.

Қазіргі таңда «Сырым» МКК 2013-2014 жылдары бекітілген төрт түрлі тарифпен жұмыс жасауда. Айырмашылықтарды жою және тарифтік сметаларды орындау кезіндегі шығындардың есебін нақты шығару мақсатында ортақ бір тариф белгіленуі тиіс. Қорыта айтқанда, «Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау» агенттігінің БҚО бойынша басқармасының жұмсалатын шығындарды есептеуіне сүйенсек, мекемелердің ауыз суға төленетін сомасы 1 текшеметрге 376,40 теңгені құрап отыр.

 

Мархат Гумарова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар