28.12.2017, 17:37
Қараулар: 310
Дөңгелек үстелдер оздырылды

Дөңгелек үстелдер оздырылды

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының ғимаратында «Ахаж қызметтері» бойынша ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында дөнгелек үстел оздырылды.

Дөнгелек үстелге қатысқандар аудандық әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторинглеу бөлімінің бас маманы К.Ишангалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы С.Нұрпейсов аудандық мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөліміне қарасты ахаж қызметінің бас маманы А.Ишмуханова және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері. Бұл дөнгелек үстелде мемкорпорация қызметкерлері қабылдайтын ахаж қызметі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қабылдаған уақытта қателіктер туындаған жағдайда тұтынушылар тарапынан наразылық туындамау үшін бірлесіп заң аясында шешу тапсырылды.

*       *      *

Сырым колледжінде “Рухани жаңғыру” қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында “Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты” тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.

Дөңгелек үстелге аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Баяндыков, Сырым аудандық жұмыспен қамту орталығының  директоры С.Иманғалиев, “Атамекен” ҰҚП аудандық филлиалының маманы М.Сапиев, “Сырым” МКК директоры Р.Тасқалиев, әлеуметтік серіктестер “Сайнов А” ШҚ жетекшісі В.Жумагалиев, “Тоқсоба” ЖШС басшысы Д.Рахимжанова, жеке кәсіпкер Г.Нигметова арнайы шақырылды. Шақырылған қонақтар алдымен колледждің материалдық базасымен танысып, өз мамандықтары бойынша колледж студенттерінің өз қолдарымен дайындаған бұйымдарының көрмесін тамашалады. Дөңгелек үстел барысында студенттердің өндірістік тәжірибелерін нәтижелі өткізу мақсатында “Атамекен” ҰКП аудандық филлиалымен, “Сырым” МКК, “Тоқсоба” ЖШС, “Нигметова Г.Г.” ЖК-мен ынтымақтастық жөніндегі үш жақты келісімге қол қойылып, колледжде “Болашақ” бизнес клубы құрылды. Бизнес клубының жетекшісі болып “Тоқсоба” ЖШС басшысы Д.Рахимжанова тағайындалды.

 

 

 

Б.Хабибуллин,

Өндірістік оқыту шебері