28.12.2017, 17:33
Қараулар: 438
Үміткерлердің бағдарламалары тыңдалды

Үміткерлердің бағдарламалары тыңдалды

Жымпиты ауылдық округі әкіміне үміткерлердің сайлауалдындағы үгіт жүргізу мақсатында таңдаушылармен – мәслихат депутаттарымен кездесуі өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева төрағалық етіп, аудандық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Салауат Нұрпейісов қатысты.

Жымпиты ауылдық округі әкіміне үміткер Баяндықов Арман Толқынұлы әкім болып сайланған жағдайда Елбасының  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық  бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарға, ҚР Президентінің Жолдауларынан, мемлекеттік бағдарламаларынан туындаған міндеттерді жүзеге асырып, округтің әлеуетін арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жетіспейтін мамандар мәселесін шешу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету, жұмыссыз азаматтардың кәсіптік білім алуына жәрдемдесу, ауылішілік жолдарды жөндеу, жаяу жүргінші жолын салу, Жымпиты, Өлеңті, Біріншімай ауылдарын жарықтандыру жұмыстарына басымдық беретінін айтты.

Үміткерлердің бағдарламаларын тыңдаған аудандық мәслихат депутаттары оларға сауалдар қойып, ұсыныстарын білдірді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар